USD
USD
USD

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанып, таеквондодан ел тарихындағы тұңғыш Азиада алтынын иеленді.

Тамирлан Тілеулес
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Қазақстандық таеквондошы 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жегінде Филиппин өкілі Курт Барбосадан басым түсті. Шешуші кездесудегі жеңісі арқылы Тамирлан отандық таеквондо мектебінің әлеуетін көрсетті.

Тамирлан Тілеулестің алтынымен 2026 жылғы Азиададағы Қазақстан құрамасы алған алтын медальдар саны 12-ге жетті. 

Еске салсақ, бүгін, 2 қазанда қазақстандық қос боксшы ел қоржынына екі алтын салды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан және  90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай Азиада чемпиондары атанды.

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті