USD
USD
USD

Түнгі жарысушыларға айыппұл салынды

Алматыда түнгі жарысушыларға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі жарысушыларға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолдарда түнгі жарыс ұйымдастырған автокөлік жүргізушілеріне шара қолданды.

“Кеше түнде Төле би даңғылы мен Қайырбеков көшесінің қиылысында Жол ережесін өрескел бұзған төрт жүргізуші анықталды. Олар қатысты ҚР ӘҚбК-нің 597-бабы 1-бөлімі және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Құқық бұзушылардың арасында 1990 жылы туған бір қыз бар. Бұл автокөлік жүргізушілері өздерін қорғай отырып, көңіл көтеру үшін жолда бұзақылық жасағандарын айтты. Сонымен қатар, олардың ешқайсысы бұл әрекеттің, біріншіден, жол пайдаланушылары үшін қауіпті екендігін ойламаған, екіншіден, жақын тұрған үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретіндіктерін де еске алмаған”, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаро.

Спикердің айтуынша, күн сайын кешке және түнде жолдың бұл учаскесін екі патрульдік нарядтар бақылайтын болады.

 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот