USD
USD
USD

Түнгі клубтар карантин талабын бұзды

Алматыда карантин талабын бұзған түнгі клубтар әшкереленді.

Түнгі клубтар карантин талабын бұзды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда 40 мониторинг топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың құрамына әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары бар. Мысалы, Медеу ауданының мониторинг тобы сәуірдің 2-нен 3-не қараған түні Назарбаев даңғылында орналасқан «Bakard», Зенков көшесіндегі «Persona» түнгі клубтарынан және Қармысов көшесіндегі «Тархун» кафесінен келушілерді шығарды.

Алмалы ауданында «Гоголь» түнгі клубы мен «Лолита» мейрамханасы карантин талаптарын бұзған. Екі мекемеде 150 жуық адам болған. Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттама толтырылды. Жыл басынан бері қалада карантин шараларын бұзғаны үшін бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 170 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер