USD
USD
USD

Түнгі клубта төбелескен ақтаулық полицейлер жұмыстан босатылды

Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Kazinform.

Түнгі клубта төбелескен ақтаулық полицейлер жұмыстан босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді.

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар