USD
USD
USD

Түнде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Оралда түнгі мезгілде автокөліктердің жүрісіне шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 қарашадан бастап сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында тек қана арнаулы қызмет көліктері ғана жүре алады. Жаңа қаулы талаптарын бұзғандарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жиын-тойлардан түнделетіп тарқайтын тұрғындардың қарасы көп. «Көлік қозғалысын шектеуге де осы себептен барып отырмыз», – дейді сала мамандары.

– Шектеу уақытында коммуналдық қызмет пен жедел жәрдемнің жүруіне рұқсат берілген. Егер де қала тұрғындарына жүру немесе дәріханаға бару керек болса, stop.covid сайтына тіркелу арқылы немесе 109 бірыңғай жедел қызметіне қоңырат шалу арқылы тіркеліп шығуына болады, - дейді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Перизат Берікқайырова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль

Астанада тәркіленген зәулім коттедж бос тұр: оны кімге береді?

sauda.e-qazyna.kz

Шетелдік әйел Қонаевта өзіне топтық зорлық жасалғанын мәлімдеді: күдіктілер ұсталды

әйел