25 Тамыз 20:38

Тұмауға қарсы вакцинация науқаны қашан басталады?

Фото:

Алматы емханаларында жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинация науқаны бірінші қазанда басталмақ. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Оның айтынша, вакцинация эпидемиологиялық маусымда тұмау вирустарына қарсы иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

«Емханаларға тұмауға қарсы вакцина әлі түскен жоқ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 180 мың доза сатып алуға өтінім берді. Тұмауға қарсы вакцинация 1 қазанда басталады. Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасайды. Олардың қатарындағылар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Тегтер: