USD
USD
USD

Тұмауға қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайды?

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұмауға қарсы вакцинаны қай санаттағы адамдарға алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұмауға қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тұмауға қарсы вакцина тауық ақуызына шыдамсыздығы бар адамдарға салынбайды. Себебі тұмауға қарсы вакцинаның құрамында осындай ақуыз бар. Созылмалы аурулармен ауыратын, вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциясы бар адамдарға вакцинациядан бас тартуға кеңес береміз. Жұмсақ ауырлықтағы өткір респираторлық вирустық инфекциялармен, өткір ішек ауруларымен ауырған кезде вакцинация температура қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі. 6 айға дейінгі сәбилер мен жүктіліктің бірінші триместрінде вакцинация жасалмайды», - дейді Тимур Мұратов БАҚ-қа таратқан ақпаратында. Оның айтуынша, елордада вакцинация қыркүйектің алғашқы күндері басталған. Қараша айының басына дейін жалғасады. Қала тұрғындарын вакцинациялау үшін басқарма 110 мың доза вакцина сатып алған. Сонымен қатар алда тағы 42 мың доза вакцина сатып алынбақ. Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция