USD
USD
USD

Тұмауға қарсы екпе кімдерге тегін салынады?

Елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды. 

Тұмауға қарсы екпе кімдерге тегін салынады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кімге тұмауға қарсы екпе тегін салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады. Қазір Алматыда тұмауға қарсы вакцина салуға дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталады. Салынатын «Гриппол плюс» вакцинасы Ресейде өндірілген. «Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасайды. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасы.

Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды. Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады. Ақылы негізде жеке медициналық ұйымдарда тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі. Ол тұрғындардың өтініші бойынша ерікті түрде жасалады.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.