USD
USD
USD

Тұмау да қауіпті

 Маусымдық тұмау алдында оған қарсы екпе алу керек пе және ол коронавирусқа қалай әсер етеді деген сұрақтарға Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді.

Тұмау да қауіпті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ЖРВИ мен тұмауға коронавирус инфекциясы қосылса жағдай өте қиын болады. Біз жедел зертханалық кешенді талдау жасау сұрақтарын қарастырып жатырмыз. Қазір жаңа технологиялар пайда болды. Оларды дер кезінде енгізу үшін уақытымыз бар. ЖРВИ мен тұмаумен ауырғандар санын азайту үшін, тұмауға қарсы вакцинация жасау керек», - деді Бекшин. Ол коронавирус инфекциясы тәрізді жедел респираторлық және вирустық инфекция кезінде де адамдардың көз жұму жағдайларының болатындығын ескертті.

«Сол себепті бізге жүйелі жұмыс жүргізу керек. Біз бұл мәселелерді талқылап, коронавируспен қатар, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын қарастырып жатырмыз. Бірінші бөлікті жою үшін вакцинация жасау керек. Егер бірінші адам тұмаумен ауырып, оған кейін коронавирус қосылса иммунитет көтере алмайды. Сол себепті біз жақсы вакцинация жасауға дайындалуымыз керек. Егер коронавирус инфекциясы тұмаудың үстіне қосылса кез келген ағзаның екі соққыға шыдауы қиын болады», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

БЖЗҚ

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Дина Исламбекова, Надежда Рябец

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

қызғалдақ