12 Ақпан 17:21
...

«Тұмар-2020» байқауына өтінім қабылдау басталды

Фото:
Ұлттық телевизиялық

«Тұмар» бәйгесіне қатысу үшін 02 наурызға дейін tvtumar.kz  сайтында өтінім толтыру керек.Алматы,

Алматы, NEGE. Бәйгеге 2019 жылы қазақстандық телеарналарының эфиріне шыққан тележобалар қатысады. Республикалық және аймақтық телеарналар, кәсіби телевизиялық контент өндіретін студия мен компаниялар байқауға қатысады. 

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинациялары:

  1. Үздік телевизиялық сериал
  2. Үздік әлеуметтік жоба
  3. Үздік декерті фильм
  4. Үздік ток-шоу
  5. Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  6. Үздік ақпараттық бағдарлама
  7. Үздік тележүргізуші
  8. Үздік тележурналист
  9. Үздік режиссерлік жұмыс
  10. Үздік аймақтық телеарна

«Тұмар» Ұлтық телевизиялық бәйгесі 2017 жылдан бері  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өтікізіліп келеді.

Жоба құрылған жылдан бастап бәйгеге қатысуға барлығы 898 өтінім қабылданды, олардың ішінен 138 өтінім бас жүлде – бәйгенің басты сыйлығы «Тұмар» мүсіншесі үшін таласқа түсті.

Өткен жылғы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, Ұйымдастырушы комитеті, биыл әр жеңімпазға «Тұмар» мүсіншесіне қоса бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, байқау тарихында алғаш рет қазылар алқасының құрамында қазақстандық телевизиясының кәсіби мамандарымен қатар, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да бой түзейді.

Тегтер: