2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Тұмар» – 2024 ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

Қазіргі уақытта отандық БАҚ еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шараларды және басқа да жаһандық оқиғаларды халыққа таратып, ерен еңбек етуде.

«Тұмар» - 2024
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Журналистердің қарқынды жұмысын ескере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылдың 14 мамырынан бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар» – 2024 ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.

Өтінімдер 10 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 13 мамыры аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады.

Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады. Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында 1 800 астам өтінім келіп түсті, 303 журналист пен шығармашылық топ номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 84 эксклюзивті мүсінше өз жеңімпазын тапты.

Бәйге жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті