USD
USD
USD

Тұман, көктайғақ: Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

 «Қазгидромет» РМК 21 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Тұман, көктайғақ: Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнде және таңертең 21-23 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 22-23 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болжанады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жел соғады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық