USD
USD
USD

Түлкібастық полицейлер 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Түлкібастық полицейлер жыл басынан бері алты мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Түлкібастық полицейлер 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күнделікті Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлерімен аудан көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сағат таңғы 08:00-ден бастап, түні бойы көше қиылыстарына полиция қызметкерлері қойылып, профилактикалық іс шаралар атқарылуда. Соның нәтижесінде 2020 жылдың 7 айында 5943 хаттама толтырылған. Нақтырақ айтсақ, ҚР ӘҚБТК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) 37 хаттама, 408-бабымен (Иттермен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) 258 хаттама, 434-бабы (Қоғамдық орынды ластау) 481 хаттама, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 368 хаттама, 441-бабымен (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) 325 хаттама, 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) 12 хаттама, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз нежеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 232 хаттама, 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 139 хаттама, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 84 хаттама, 597-бабымен (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) 351 хаттама, 602-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы) 499 хаттама, 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) 42 хаттама, 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) 37 хаттама, 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) 716 хаттама, өзге де баптармен 1717 хаттама толтырылған. Одан бөлек, Түркістан облысы Бас санитариялық-дәрігерінің №28 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданы аумағында құрамында полицейлер бар мобильдік топтар рейдтік іс-шараларын жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы) бойынша 234 құқықбұзушылықты анықтап, жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін СЭС–ке жолданды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай