USD
USD
USD

Түлектердің мектеп пен ұстазға сыйлық беруіне тыйым салынады

Мектеп түлектерінің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. 

Түлектердің мектеп пен ұстазға сыйлық беруіне тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Биылғы оқу жылының бітуіне, мектеп шараларын өткізуге байланысты қаражат жиналмауы қатаң тәртіпте бақылануы тиіс. Оған әрбір мектептің басшысы жеке жауап береді. Мектептің әкімшілігі және қамқоршылық кеңесі барлық ата-аналармен мектепке немесе мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне сыйлық жасауға болмайтындығы жөнінде жұмыс жүргізуі қажет», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, түлектердің қатысуымен өтетін іс-шаралар мектепте 11-сыныппен жұмыс істейтін педагогтердің, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жүргізілуі қажет. «Осы іс-шараларды өткізу барысында жасауға болмайтын жайттарға тағы бір назарларыңызды аударамыз. Біріншіден, іс-шараларды өткізу барысында әртүрлі агенттіктерді, жекеменшік студияларды не аниматорларды шақыруға болмайды. Мұндай іс-шаралар кең ауқымды болмауы да қажет. Мерекелік дастарқан жаяу мәселесі мүлдем қарастырылмауы тиіс. Мектеп бітірушілер бірнеше автомобиль жалдап, қала ішін, жергілікті жерлерді араламауы керек. Мейрамхана, дәмхана және басқа да көңіл көтеру орындарында түлектердің қатысуымен шаралар болдырмау үшін ата-аналармен тиісті жұмысты жүргізілуі қажет», - деді Шолпан Каринова. 

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша