USD
USD
USD

Туыстары Алексей Навальныйдың мәйітін ала алмай отыр

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары оның түрмеде қайтыс болғанын растады. Алайда қазір оның денесін туыстары ала алмай отыр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресей
Фото: novayagazeta.ru

Алматы, NEGE. Бұған дейін Федералдық жазаны атқару қызметі Навальныйдың "Полярная воль" түзеу колониясында қайтыс болғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде Навальныйдың жақтастары ресми мәлімдеме жасап, оның көз жұмғанын растады.

"Алексей Навальный өлтірілді. Оның қазасы 16 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:17-де Алексейдің анасына жіберілген ресми хабарламада жазылған. Колония қызметкері Навальныйдың денесі Салехардта екенін айтты. Тергеу комитеті оны алып кетті. Қазір оның денесіне сараптама жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Алайда кейінірек саясаткердің жақтастары тексеруге байланысты туыстары оның денесін ала алмағанын хабарлады. Олардың айтуынша, Навальныйдың денесі Салехардта да, Лабытнанга мәйітханасында да жоқ болып шыққан.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам