USD
USD
USD

Туыс адамдар зейнетақы жинағына бір-бірінен үй сатып ала алмайды

  «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алу тәртібіне сәйкес, туыс адамдар бір-бірінен үй сатып ала алмайтынын мәлім етті.

Туыс адамдар зейнетақы жинағына бір-бірінен үй сатып ала алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ең бастысы, операцияның бәрі қолма-қол ақшасыз жүргізілетінін атап өту керек. Алдамшы келісімшарттардың алдын алып, ақшаны амалдап алып шығу жағдайына жол бермес үшін туысқан адамдар арасындағы келісімшарттарға тыйым салынады. Яғни, мен өзімнің бауырларымнан, сіңлілерімнен, атамнан немесе әжемнен үй немесе пәтер сатып ала алмаймын. Осылайша, ережелерде бүкіл механизм жазылған», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді

Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстандағы 1С деректері қайда сақталады?

1C

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 11%-ға азайды

алтын өндірісі

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік