USD
USD
USD

Түйеге екпе шығарылды

Қазақстанда түйенің күл ауруына қарсы екпе шығару басталды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Түйеге екпе шығарылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Отандық биология және биотехнология мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты сынақтар өткізіп, түйе жұқпасына қарсы вакцинаны іске қосты. Заңнамаға сәйкес оны тіркеуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүзеге асырады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ветеринарлық медицинаның ұлттық анықтамалық орталығы» РМК зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Бейнеу, Тәжен және Сыңғырлау ауылдық округтерінде түйе індетіне байланысты карантин енгізілді.
«Түйелер арасында індет жоқ, алайда жануарлар оқшауланып, әкімдіктердің ветеринария бөлімдері мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жіті бақылауына алынды. Індет анықталған орындарда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК Маңғыстау филиалының мамандары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде», - деді ауыл шаруашылық министрлігі.

Қазір оқып жатыр

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана

Қазақстанда аптап ыстықтан отыздай адам қайтыс болды

күн өту