USD
USD
USD

Түгел Түркия Петер Хандкеге НЕГЕ өкпелі?

Түркия аустриялық жазушы Петер Хандкеге әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын беруге қарсы шықты. Бұл туралы Түркия президентінің ресми өкілі Ибрагим Калин мәлімдеді.

Түгел Түркия Петер Хандкеге НЕГЕ өкпелі?
Фото: NEGE.kz

«Дүйсенбіде Босниядағы қырғынды қабылдамай, Сербияның тұңғыш президенті Слободан Милошевичтің жақтаушысы болған Петер Хандкеге әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы беріледі. Бұл шешім жойылуы керек», – деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі де бұған қарсы екендігін айтты. «Біз кез келген адамның жан дүниесіне зиян тигізетін осы тарихи қателіктен аулақ боламыз деп үміттенеміз. Нобель сыйлығы тағы да сын мен пікірталастың нысанына айналды», – делінген министрлік хабарламасында.

Югославиядағы халықаралық трибунал 1995 жылдың шілдесінде Сребреница қаласында серб әскері 7-8 мыңға жуық босниялық мұсылманды қырғынға ұшыратқанын анықтаған. 2007 жылғы ақпанда Сребреницадағы кісі өлімін Халықаралық сот жаппай қырып-жою деп атады.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy