USD
USD
USD

Туған күнін дүркіретіп тойлаған басқарма басшысы жазаланды  

 Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова карантин кезінде сақтық шараларын бұзып, туған күніне орай той өткізгені үшін жазаланды.

Туған күнін дүркіретіп тойлаған басқарма басшысы жазаланды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Ведомство үй ауласында жаппай іс-шара өткізу фактісін анықтады. Лауазымды тұлға түсініктеме беру үшін департаментке шақырылды. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген баспасөз хабарламасында. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес талапты бұзған лауазымды тұлғаларға 230 АЕК немесе 638 940 теңге көлемінде айыппұл салынуы тиіс.

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері департаментіне тиісті хат жолдады. Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекованың туған күнінен видео тарады. Әзірге шенеунік бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC