USD
USD
USD

Туған әкесінен жүкті болған 15 жасар қыз босанды

9-сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында босанды. Нәрестені босанған оқушының анасы тәрбиелеп отыр.

Туған әкесінен жүкті болған 15 жасар қыз босанды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. 15 жасар оқушы әкесінен аяғы ауыр болып, босанды. Жағаұстатарлық жағдай Шымкентте болды, деп хабарлады қаланың білім басқармасының өкілдері. 

Astana TV телеарнасының хабарлауынша, бұл жағдай туралы жұрт ер адам өз-өзіне қол салған соң айта бастаған. 

"9-сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында босанды. Зорлық болды ма, болмады да айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр", - деді Шымкенттің білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сауырбаева.

Осындай жағдай бұған дейін Алматы облысында болған еді. Сауалнама кезінде 8-сынып оқушысы әкесі тарапынан зорлыққа тап болғанын жазды. Оның да аяғы ауыр болып қалды. Күдікті ретінде жауап алынған ер адам өгей қызын зорламағанын айтып, кінәсін мойындамаған. Кетіп қалмау жөнінде қолхат берген күдікті ферма шаруашылығы аумағында өзіне қол салды.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.