USD
USD
USD

Туберкулез қанша уақытта анықталады?

Туберкулез екі сағатта анықталады. Бұл туралы ҚР ДСМ «Ұлттық фтизиопульмонология орталығы» ММ директоры Мәлік Әденов баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Туберкулез қанша уақытта анықталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностика жасау және емдеу тегін. Ол мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Сондай-ақ, туберкулезді ерте анықтау үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) желісінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін диагностиканың ең заманауи әдістері енгізілген.

«Елімізде туберкулезбен ауратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлем бойынша ең жоғары деңгейде. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жаңа препараттар қолданылуда. Соның арқасында 2 сағат ішінде көптеген дәріге төзімділігі бар микробактериялар мен туберкулезді анықтауға болады. Олардың арасында қысқа мерзімде құрт ауруын емдеуге мүмкіндік беретін арнайы кестелер бар»,– деді Мәлік Әденов.

Ресми дерек бойынша, әлемде жыл сайын туберкулезден 1,7 млн адам көз жұмады. Ал, 10 млн-нан астам адам құрт ауруына шалдығады екен.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам