USD
USD
USD

Туалетте қағаз жоқ. Контейнерлер кептелісі НЕГЕ тұрмыстық заттар тапшылығын туғызуы мүмкін?

Әлемді дәретхана қағазының тапшылығы күтіп тұр деп

Туалетте қағаз жоқ. Контейнерлер кептелісі НЕГЕ тұрмыстық заттар тапшылығын туғызуы мүмкін?
Фото: NEGE.kz

жазады Bloomberg. Ондай рулондарды дайындауға қажетті басты шикізат – целлюлоза Панама каналындағы контейнерлер кептелісінен зауыттарға жете алмай жатыр.

Вloomberg-тің жазуынша, әлемдегі целлюлозаның үштен бірі Оңтүстік Америкада өндіріледі. Ондағы ірі ойыншының бірі «Suzano SA» компаниясы өз шикізатын таситын кеме таппай отыр.

«Целлюлоза тез бұзылады, оны тез арада жеткізбесек, онда компанияның жеткізілу тізбегіне қауіп төнеді», – дейді «Suzano SA» бас атқарушы директоры Вальтер Шалка.

«Экспортпен айналысатын Оңтүстік Американың барлық ойыншылары осындай қауіпке тап болды»

Бразилия – целлюлозаның әлемдегі ең ірі өндірушісі. Қазір контейнерлер дағдарысы салдарынан, порттардың трафигі құлдыраған. Жүк тасымалы бағасы күтпеген жерден шарықтап кетті.

Ал Қазақстан дәретхана қағазы тапшылығына ұрынуы мүмкін бе? Nege.kz шолушысы елдегі ірі өндірушінің бірі «Карина Трейд» компаниясына хабарласқан болатын. Компания шикізат көзі бойынша сұраққа жазбаша жауап беретінін хабарлады.

Бірақ, атын атамауды өтінген сала қызметкері, дәретхана қағазына қажет шикізаттың екі түрі болатынын айтып отыр. Біріншісі – макулатура. Ол категориясы төмендеу, бағасы арзан рулондар жасауға қолданылады. Ондай шикізат өзімізде дайындалады. Ал екіншісі – целлюлоза. Оны елдегі өндіруші компаниялар көршілес Ресейден тасиды. Целлюлозадан қардай ақ және жұмсақ дәретхана қағаздары жасалады.

P.S. Уайымдамасаңыз да болады, бізге целлюлоза Бразилиядан емес, Ресейден келетіндіктен, жұмсақ әрі әппақ қағаздан тапшылық көре қоймаймыз.  

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент