USD
USD
USD

Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына байланысты пікір білдірді.

Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазір оған қатысты нақты ақпарат жоқ, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен уәкілетті органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді деп ойлаймын. Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған. Сондықтан бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ. Егер шешім шықса, ол қызметінен босатылады", - деді Цой ОКҚ брифингінде.  

Еске салайық, кеше, 2 тамызда, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғаны белгілі болды. 

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Таныс болыңыздар – Барбарис»: Бағдат Мусин Арсен Томскийге ерекше сый жасады

Арсен Томский

Қазақстанда биыл рекордты 825 мың тонна авиациялық отын өндірілмек

авиаотын өндірісі

Көмір өндірісін жаңғырту: Qarmet шахталарында қандай өзгерістер бар?

Көмір департаменті, Qarmet

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті