USD
USD
USD

Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларына болжам ұсынды.

Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын жеткізді

«Эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде тамыз-қыркүйекте біз оптимистік сценариймен келе жатырмыз. 2 айда тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайды. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам», – деді Цой үкімет отырысында.

Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын айтты.

Қазіргі уақытта Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары жаңа пайда болған «қою қызыл» аймақта тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады.

2 тамыздан өңірлерде шектеу шаралары күшейтілді. Бүгін Түркістан облысы қайта «сары» аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Өңір "қызыл" аймақта бірнеше күн ғана болды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі