Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Цой отставкаға қашан кететінін айтты

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы кездері жиі сынға ұшырап жүр. Бұл ретте министр Алексей Цойдың зор жауапкершілік арқалайтыны анық. 

Цой отставкаға қашан кететінін айтты
Фото: NEGE.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Pfizer вакцинасының 2 млн дозасы Қазақстанға келмей қалуына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған еді. Pfizer-дің Қазақстанға келуіне Денсаулық сақтау министрлігі тікелей жауапты. Осындай қиын кезеңде жиі сынға ұшырай берсе, министр Цой өз еркімен отставкаға кетуге дайын ба?

Nege.kz тілшісі жолдаған осы сауалдарға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.

"Қазір біздің алдымызда жауапкершілігі мол жұмыстарды атқару тұр. Барлық күш-жігерімізді соған жұмсап жатырмыз. Біздің қызметкерлер күндіз-түні еңбектенуде. Егер мемлекет басшысы басқа да мамандарды бұл іске тартуды қаласа, біз қарсы емеспіз. Бірақ дәл қазір бізді бұдан да маңызды жұмыстар күтіп тұр. Халықтың денсаулығы басты орында, сол себепті артық уақытымыз жоқ жұмыс істеп жатырмыз"- деді Цой.

Цой тілшіміз қойған сұрақты жауапсыз қалдырды. Тіпті, Pfizer-дің Қазақстанға келмей қалуына жауаптылардың бірі ретінде өзіңізді кінәлі санайсыз ба деген сауалға да анық жауап бермеді. Бұл іске өзінен басқа қатысы барлардың да атын-атап, түсін-түстемеді.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі