USD
USD
USD

Цой өңірлерді аралап жүр

Өскеменге ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді. Ресми сапар барысында министр жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жаңа пульмонология орталығында болып қайтты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Цой өңірлерді аралап жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрынғы жедел жәрдем ауруханасының мекемесінде ашылатын пульмонология орталығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталмақ.

Атап айтсақ, диагностикалық бөлімде мобильді рентген аппараты және компьютерлік томография орнатылады. Сондай-ақ, науқастарға арналған әр орын оттегі желісімен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, орталық қарамағында ПТР зертханасының жұмысы да жоспарланған.

– Әр аймақтың алдымызда келе жатқан коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындығын көру біз үшін маңызды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын айта аламын. Себебі денсаулық сақтау саласына көптеп көңіл бөлініп, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынған, – деді министр Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза