Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Цой оқушылардың қашан мектепке баратынын мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды дәстүрлі білім беру режиміне көшіруге қатысты пікір білдірді.

Цой оқушылардың қашан мектепке баратынын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде балаларды шамамен қай кезеңнен бастап мектепте оқыту форматына көшіру жоспарланып отырғандығы сұралды.

«Қазіргі кезде осы мәселені қарастырып жатырмыз. Бір жағынан әр өңір бөлінісінде індетті анықтау бойынша жағдай бар... Бұл бағытта Білім министрлігімен бірлесе әзірленген тиісті қадамдар бар. Талқылаулар аясында осындай сыныптарда оқыту мүмкіндігі бар. Сондықтан екінші тоқсанда қай форматта оқыту шешімін пысықтап жатырмыз», - деді министр.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бірінші тоқсан аяқталған соң, яғни балалар каникулға барып келгеннен кейін елдегі жапғдайды ескере отырып, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі