USD
USD
USD

Цой мен Сағынтаев коронавирусқа қарсы күрес шараларын талқылады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыға іссапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен және медицина қызметкерлерімен кездесті.

Цой мен Сағынтаев коронавирусқа қарсы күрес шараларын талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүздесуде қазіргі эпиджағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды. А.Цой КВИ бойынша жағдай Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті, сондықтан Алматыда COVID-19-ға қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдардың, Денсаулық сақтау министрлігі, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының, жетекші клиницистер мен санэпидбақылау қызметі мамандарының, Медициналық және фармацептикалық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі штаб өткізу туралы шешім қабылданды. Министр мәселені инфекцияның одан әрі таралу қаупін, вирустың жаңа мутацияларын ескере отырып шешуге назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер