USD
USD
USD

Цой коронавирусқа қатысты жыл соңына дейінгі болжамды айтты

Оптимистік сценарий бойынша, елімізде сәуір айында күніне 500-ге дейін коронавирус жағдайы тіркеледі деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Цой коронавирусқа қатысты жыл соңына дейінгі болжамды айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасайтын жұмыс тобы қолданыстағы шектеу шараларын, соның ішінде міндетті маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және қанша адамға вакцина егілетінін ескере отырып 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдай қалай болуы мүмкін екендігіне қатысты болжам жасады. Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында күніне 500-ге дейін коронавирус жағдайы тіркеледі деп күтілуде», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік тұрғыда қарағанда сәуір айында күніне 1700 жағдай тіркелуі мүмкін.

«Бірінші кезеңде вакцина иммунитетті қалыптастырумен шектеледі. Одан кейін салынатын вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына әсер етеді», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер