USD
USD
USD

Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның қашан шығарылатынын айтты

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы түсінік берді.

Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның қашан шығарылатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінде, яғни вакцина регламенттік мерзіммен зерттеліп келеді. Атап айтқанда, клиникалық зерттеудің барлық кезеңінен өтетін кез келген вакцина осы рәсімнен өтеді. Уақыт бойынша бұл вакциналар ұқсас мерзімде зерттеумен қамтылады. Отандық вакцинаның сынақ мерзімі аяқталуға жақындады, осы орайда тиісті құжаттарды алғаннан кейін, оны екпе күйінде өткізуге рұқсат етеміз деп жоспарлап отырмыз. Шамамен, сәуір айының соңы белгіленген.

Клиникалық зерттеудің қорытындысы бойынша әзірлеуші бізге барлық құжаттарды енгізеді деп күтіп отырмыз. Осы құжаттардың нәтижесінде шешім қабылданып, вакцина жаппай пайдалануға рұқсат етіледі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өскенін айтты. «Халық арасында вирустың қауіптілігіне сенбейтін адамдар бар, олар үйлену тойларын, банкеттерді жеке үйлер мен коттедждерде өткізуді жалғастырып келеді», - деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті