USD
USD
USD

Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күздегі коронавирус инфекциясына байланысты жаңа болжамды жариялады.

Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қараша айына дейінгі болжамын жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тәулігіне тіркелген жағдайлардың орташа саны 6 300 жағдайға дейін, қазанда 2 400 жағдайға дейін болады. Реалистік сценарий бойынша қыркүйекте 5 300 -ге дейін, қазанда 1 800-ге дейін жетеді. Оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте 4 200 жағдайға дейін, ал қазанда тәулігіне 1 300 жағдайға дейін тіркеледі", - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

24 тамыздағы жағдай бойынша елімізде КВИ-дан 123 226 адам емделіп жатыр, оның 28 577-сі ауруханада, ал 94 649 адам амбулаторлық деңгейде ем алуда.

Ауыр жағдайда - 1824, өте ауыр жағдайда - 555, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 267 науқас.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи