Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Цой қатаң карантин жариялануы мүмкін кезеңді айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырғандар саны ең көп болатын кезең мен қатаң карантин жариялануы мүмкін кезеңді айтты.

Цой қатаң карантин жариялануы мүмкін кезеңді айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейінгі эпиджағдайдың дамуы бойынша болжам жасалды. 

"Ауырғандар саны көп болатын кезең наурыздың соңында болуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша, күніне коронавирус жұқтырған үш мың адам тіркеліп, ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. 

Ал пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтан коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда 45 мыңға дейін артық төсек-орын дайындалады. Бұл жағдайда карантин шаралары қатаңдауы мүмкін.

Болжам бойынша, 2 миллион адамға вакцина салынған жағдайда алғашқы жартыжылдықта вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға дейін азаяды. Бірінші кезеңдегі вакцинация иммунитет қалыптастыру үшін керек және бір мезетте бірнеше адамға вакцина салу мүмкін емес. Кейіннен вакцинацияның әсері болып, елдегі эпиджағдайдың тұрақтануына әсер етеді", - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы