Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Цой қатаң карантин қашан болатынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясының дамуының үш сценарийін атап өтті.

Цой қатаң карантин қашан болатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оптимистік болжам бойынша, егер 100% маска режимі сақталып, адамдар әлеуметтік арақашықтық ережелерін естен шығармаған жағдайда қатаң карантин енгізудің қажеті болмайды. Бұл жағдайда қазан-желтоқсан айларында тіркелген аурулардың саны шамамен 40 мың адам болады деп күтіледі, ал 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Екінші жағдайда, нақты болжаммен маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстау 70% деңгейінде сақталса, онда қазан-желтоқсан айларында болжам бойынша аурулар саны 90 мың адам болады. Ауруханаға жатқызуды 30 мың адам қажет етеді. Ондайда қатаң карантинге қаңтарда көшуіміз мүмкін.

Пессимистік болжамға келсек, егер маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстану 60% деңгейінде қамтамасыз етілсе, онда қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адам. Ауруханаға жатқызуды 65 мың адам қажет етеді. Мұндайда карантин желтоқсан айының ортасында енгізіліп кетуі ғажап емес.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі