USD
USD
USD

Цой карантинді бұзғандардың тізімін неліктен жариялағанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «қызыл» статусы бола тұра карантинді бұзғандардың тізімін жариялау туралы шешімге не түрткі болғанын түсіндірді.

Цой карантинді бұзғандардың тізімін неліктен жариялағанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Заңда медицина қызметкерінің құпиясы саналатын мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз беру шарты қарастырылған», – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі. Қазақстанда алғаш рет айыппұл салынған тұрғындардың тізімі жарияланды. Журналистер министрден «карантинді бұзғандардың аты-жөнін жариялау медициналық құпияны ашу емес пе?» деп сұрады. 

Денсаулық сақтау министрі «үкіметаралық комиссия консультацияларды, соның ішінде заңды консультацияларды басшылыққа алды, тиісті қорытынды бар» деп сендірді.

«Денсаулық туралы кодекстің 273-бабының 4-тармағына сәйкес медицина қызметкерінің құпиясы саналатын мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз беру шарты қарастырылған. Ол қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурудың таралу қаупі болған кезде қолданылады. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ковид айналаға қауіп төндіретін індет болып саналады», – деп түсіндірді Цой.

Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған науқасқа үйде оқшаулану тәртібін сақтау қажеттілігі туралы қолхат тапсырылады, онда жеке деректерді өңдеуге келісім бар, деп толықтырды ол.

«Науқаспен байланыста болған немесе инфекцияны жұқтырған және заң үйде отыруға міндетті адамдардың аты-жөні жарияланады. Оларға мұның бәрі қолхатпен хабардар етілген», – деп түйіндеді министр.  

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала