Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Цой: Ешқандай кланда жоқ адаммын

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой командалық топпен жұмыс істеу және вице-министрлердің тағайындалуы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Цой: Ешқандай кланда жоқ адаммын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Министрге "Бұған дейін вице-министр, сосын министр болдыңыз. Артынша орынбасарыңыз Ажар Ғиният вице-министр болды, сосын Ерлан Қиясов бас санитария дәрігері болды. Командаңыздағы тағы қанша адамды өзіңізбен алып келдіңіз?" деген сұрақ қойылды.

"Осыны талқылағанды жақсы көреді. Иә, мен вице-министр болдым. Бірақ неге үш рет? Бастапқыда министрлігіміз біріккен болатын, сосын бөлінді. Яғни 4-5 жылдай вице-министр болдым. Сосын басқа орынға ауыстым. Ажар Ғиниятқа байланысты, бір команда деп есептеледі. Олай емес. Мен ешқандай кланда жоқ адаммын, мүлдем бейтараппын", - деді Алексей Цой. 

Министр адамдарды жұмысқа қабылдауда екі нәрсеге мән беретінін айтады, ол: кәсібилік пен адалдық. 

"Шынайы, ниеті түзу, көмектесуге дайын адам. Ажар Ғиният туралы айтар болсақ, ол маған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде негізгі департаменттерде жұмыс істеген. Ол сол іштегі адам. Мен Президент Әкімшілігінің медициналық орталығына ауысқанымда ол жерде де маған дейін жұмыс істеген. Ол жерде 1,5 жыл істеп, қайтып келдім. Мен үшін бастысы ішкі жүйені білетін, соны жақсартуға тырысатын адамды алып келу маңызды болды. Ерлан Қиясов 20 жыл ең заманауи зертхананы басқарды, жоғары сапа стандартын біледі. Менің басшылығым бұл туралы сөз болатынын айтатын. Бірақ соны түсіне отырып, мені ол кісімен ештеңе байланыстырмайды. Бәріміз Қазақстанның әр өңіріненбіз. Кәсіби байланыстан басқа ешқашан кездескен емеспіз, маған тек кәсіби сапасы қызық", - деді министр.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА