USD
USD
USD

Цифрлық валюта енгізіле ме?

  Әлемдегі орталық банктердің 90 проценті цифрлық валютаны зерделеп жатыр.

Цифрлық валюта енгізіле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ұлттық банктің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы Бинұр Жәленов мәлімдеді. Біздің елде сандық ақша қашан енгізіледі? Цифрлық теңгенің енгізілуі елдегі қаржылық тұрақтылыққа кері әсер етпеуі керек. Сол себепті бастама толықтай зерделенеді. Былтырдан бері сандық валюта пилоттық жоба ретінде пысықталып жатыр. Биыл зерттеудің екінші кезеңі басталды. Жыл соңында нақты шешімді естиміз. Ұлттық банк өкілдері цифрлық валютаға көшу аз уақыттың шаруасы емес дейді. Қазір мамандар цифрлық теңгенің не үшін керектігін саралап жатыр. Экономикалық және технологиялық тұрғыда дайындығымыз қандай? Сұрақ көп. Алдымен барлық тәуекелді екшеп алу маңызды. Соның басында киберқауіпсіздік тұр. Сол себепті мамандар қауіптер моделін құрып, кибер шабуылмен күрестің ең тиімді тәсілдерін сынап көреді. Маусым айының соңына дейін тиісті әдістемені жариялаймыз.

Бинұр Жәленов, ҚРҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы:

Тәуекелдер бар. Бір банкте мәселе туындаса, клиенттер өз ақшасын цифрлық ақшаға ауыстыруға асығады. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің қызметінен бас тартатындар көбеюі мүмкін. Бұл да дұрыс емес. Сол себепті біз бірқатар экономикалық амалды қарастырып жатырмыз. Біз елдегі қаржылық жүйе мен қаржылық тұрақтылыққа зиян келмейтіндей әрекет етуді көздейміз. 

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков