USD
USD
USD

«Цифрлық әлеуметтік әмиян» жобасы дайындалды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда «Цифрлық әлеуметтік әмиян» жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтып берді.

«Цифрлық әлеуметтік әмиян» жобасы дайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тауарларды тарату жүйесінің функционалдық мүмкіндігі – қазақстандықтардың цифрлық әлеуметтік әмияны болмақ. Оны енгізу де биылғы Жолдауда тапсырылған еді. «Цифрлық әмиянды» іске асырудың мақсаты - бір жағынан азаматтарға әлеуметтік көмекке бөлінген бюджеттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын, екінші жағынан, ол ресурстардың отандық өндірушілерге жасырын қолдау түрінде «қайтарылуын» қадағалау», – деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша цифрлық әмиян әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға, бизнес іске асыратын жұмыс пен қызметке ақы төлеуге арналған.

«Мысалы Ұлттық тауар таратушы жүйесі механизмінің мәні – сатып алушыға өнімді жедел әрі тиімді түрде жеткізу. Мұнда сатып алушының пайдасы – тауардың делдалсыз жақсы сапада келуі. Ал әлеуметтік көмек алатын азаматтар қолма-қол ақшасыз арнайы жүйе арқылы осы отандық тауарларды тікелей фермерлерге жіберу арқылы ала алады. Осылайша мүдделері тоғысқан тауар өндіруші мен тұтынушыны бір-біріне үйрете отырып, біз Ұлттық тауар таратушы жүйесі арқылы тауар-ақша айналымының шеңберін түйіндейміз», – дейді Бақыт Сұлтанов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер