USD
USD
USD

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қарашаның соңына дейін «Яндекс» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бес заңды тұлғасына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Яндекс
Фото: Яндекс

Астана, NEGE. Бұл жөнінде министр Жаслан Мәдиевтің Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаеваның депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.

Министрдің мәлімдеуінше, «Яндекс Казахстан» ЖШС, «Yandex Bastau» ЖШС, «Яндекс. Такси Корп» ЖШС, «Яндекс. Еда Казахстан» ЖШС және «Яндекс LLP» ЖШС-ның дербес деректерді қорғау саласындағы Қазақстан заңнамасын қаншалықты сақтайтыны жан-жақты тексерілмек.

«Тексеру нәтижелері бойынша белгіленген талаптардың сақталуына баға беріледі, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөніндегі ұсынымдарды және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарауды қоса алғанда, уәкілетті органның құзыреті шеңберінде тиісті ден қою шаралары қабылданады», – дейді Мәдиев.

Министрлік тексеру нәтижесін БАҚ-та жариялауға уәде етті.

 

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев

Қазақстан Теңіз үшін тартысты жалғастыра ма?

Теңізшевройл