USD
USD
USD

Цифрлық даму министрлігі Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекалық қарызын жауып берді

Паралимпиада ойындарында оқ атудан Қазақстан құрамасына алғашқы медальді салған Еркін Ғаббасов елге оралды.

Цифрлық даму министрлігі Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекалық қарызын жауып берді
Фото: Цифрлық даму министрлігі

Алматы, NEGE. Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Париждегі Паралимпиада ойындарының жүлдегері Еркін Ғаббасовты құттықтады.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады. Сонымен қатар, Министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесті және 7 миллион теңгелік сертификат табыстады. 

– Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз. Ол 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы.Тағы да құттықтаймыз және болашақта одан да үлкен жеңіс тілейміз, – делінген хабарламада. 

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Еркін Ғаббасов Қазақстанның қоржынына алғашқы медальді салған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana