Референдум Референдум
USD
USD
USD

Цифрлық даму министрлігі алдағы 5 жылға Жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасын ұсынды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы қаралды. Оның жүзеге асырылуы туралы ҚР цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Жаслан Мәдиев
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Әзірленіп жатқан Тұжырымдаманың мақсаты – жасанды интеллектті қолдана отырып, ЖИ экожүйесін құру, қолайлы климатты қалыптастыру және экономика салаларын одан әрі дамыту. Ол үшін Қазақстанда суперкомпьютерді орналастыру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, Ұлттық ЖИ платформасын құру және талшықты-оптикалық байланыс желілері жүйелерін дамыту көзделеді.

«Нұр-Әлем» музейінің инфрақұрылым базасында мемлекет, ғылым, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастық үшін Alem.AI Ұлттық орталығын ашу жоспарлануда.

Алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен, соның ішінде Берклидегі Калифорния университетімен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2029 жылға дейін мынадай мақсаттарды белгіледі:

– Оқыту 5 млн адам ЖИ дағдыларына оқыту. 

– 500 мың салалық маман даярлау.

– 5 қазақстандық «бірегей мүйізді» құру. 

– IT-экспортты 5 млрд дейін ұлғайту. 

– Экономика секторларында жыл сайын кемінде 25 енгізілген ЖИ өнімі. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда