USD
USD
USD

Цифрлы ферма құрылысына 3,3 млрд теңге инвестиция тартылған

Солтүстік Қазақстан облысында толық автоматтандырылған сүт фермасы іске қосылды.

Цифрлы ферма құрылысына 3,3 млрд теңге инвестиция тартылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жаңадан ашылған заманауи ферманың жұмысымен танысып, алған әсерін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оқырмандарымен бөлісті.

«Бүгін Қызылжар ауданының Чапаево ауылында «Қызылжар сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасы іске қосылды. Бұл цифрлы ферма. Процестер автоматтандырылған, бұл еңбек өнімділігін арттырады. Ферманы салуға 3,3 млрд теңге инвестиция құйылды. 35 солтүстікқазақстандық тұрақты жұмыспен қамтылды», – деп жазды облыс әкімі.

Ферма жылына 3,6 мың тонна сүт өндірмек.

«Біздің елімізде бір қазақстандыққа шаққандағы сүт тұтыну нормасы жылына 340 литрді құрайды. Яғни, бұл ферма жылына 10 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады.⠀ Біз биыл 10 сүт фермасының құрылысын бастау міндетін қойған едік. Іс жүзінде 11 ферманы салып жатырмыз. Оның ішінде 5 сүт кешені ашылды. Тағы 10 ферманың құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл жобаларға қажет қаражат 2021 жылғы бюджетте қарастырылған», – дейді Құмар Ақсақалов.

СҚО-да алдағы бірер жылда сүт фермаларын 21-ге жеткізу нәтижесінде жылына 51 мың тонна сүт өндірілетін болады. Ауылдың 500 тұрғыны жұмыспен қамтылады.

Бұдан басқа жыл соңына дейін 1 мың етті бағыттағы ірі қара малға арналған ферма іске қосылмақ. Өңірде 13 мың малды бордақылауға арналған тағы екі нысан салынып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

.

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.