USD
USD
USD

Цифрландыру көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығаруға мүмкіндік берді

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Цифр
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2021 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ауқымды цифрлық трансформация аясында Қазақстан Республикасы министрліктерінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілерді азайтуға, сондай-ақ азаматтар мен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдер кешені енгізілді.

Бұл көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарып, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі 51,3 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 20 есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлық және әкімшілік кедергілер төмендеді.

Салаларды цифрлық трансформациялау аясында QazTech ұлттық платформасы әзірленді, ол цифрлық өнімдерді жедел жасауға арналған. Бұл модель жаңа ІТ-шешімдерді енгізу мерзімін 1,5–3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда QazTech платформасында мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы, Smart Bridge, Ұлттық экологиялық деректер қоры жұмыс істеп тұр.

«Қазақстан цифрландыру бойынша әлемдегі 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Қазір мемлекеттік қызметтердің 92%-ын онлайн алуға болады», — деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік