USD
USD
USD

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

Бурабай аудандық соты«Центр плова Loft» ісі бойынша Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың атына жеке қаулы шығарды. Ақпанда Щучинск қаласында орналасқан осы дәмханада болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен еді.

блогер соты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істі қарау кезінде қоғамдық тамақтандыру объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда және ведомствоаралық өзара іс-қимылда кемшіліктер анықталған. Туындаған зардаптарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою шараларын қабылдау үшін қаулы өңір басшысына жолданды.

Сондай-ақ істі қарау кезінде мынандай бұзушылықтар анықталған:

  • кафенің иесі қоғамдық тамақтандыру объектісінде газ баллондарын пайдаланған, баллондарды жылыту радиаторларына тікелей жақын жерде сақтаған, сондай-ақ қызметкерлерге және газ жабдығын пайдалануға жауапты тұлғаларға тиісті нұсқама жүргізбеген;
  • газ жеткізуші газды өткізу және жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы болмаса да, кафе үшін газ баллондарын жеткізумен айналысқан. 25 ақпанда ол екі баллон жеткізген, олардың біреуі кейіннен жарылған. Ол жеткізген баллон рұқсат етілген мөлшерден артық толтырылған;
  • Газ құю станциясының директоры тиісті құжаттамасы, жабдықтары, баллондардың толтырылуын бақылауға арналған өлшеу құралдары, оқытылған персоналы және өзге де міндетті жағдайлары болмаған кезде тұрмыстық газ баллондарын газбен жүйелі түрде толтыруға жол берген.

«Газ баллонының шамадан тыс толтырылуы және оның кафеде жылыту радиаторының жанында сақталуы салдарынан газ қызып, баллон ішіндегі қысым жоғарылаған. Соның нәтижесінде баллон қабырғасы жарылып, өрт шыққан. Өрт салдарынан 12 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған. Ғимарат иесіне 19 250 112 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген», – делінген сот қаулысында.

Еске салсақ, бүгін, 7 қыркүйекте Бурабай аудандық сотында 12 адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылысқа қатысты үш адамға үкім шықты. Сот үкімімен барлық сотталушылар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Сотта кафені жалға алушы мен автогаз құю станциясының директоры 7 жылға, газ жеткізуші алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 16 жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс