USD
USD
USD

«Центр плова» дәмханасындағы жарылыс: сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бірнеше адамның қазасына себеп болған «Центр плова» дәмханасындағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

дәмхана
Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады Kazinform.

Қадағалаушы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қылмыстық-процестік кодекстің 296-бабына сәйкес күдіктілер мен қорғаушылар іс материалдарымен танысып жатыр. Осы процесс аяқталғаннан кейін іс бойынша тиісті шешім қабылданады.

Еске салсақ, 26 ақпанда Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасында жарылыс болды.  Алдын ала болжам бойынша, жарылыс тұрмыстық газ баллондарын дұрыс қолданбаудан болған. Салдарынан барлығы 13 адам қаза тапты.

2 наурызда дәмхана иесі ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Кейін облыстық прокуратура дәмханада болған жарылыс бойынша автомобиль газ құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізушінің де ұсталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров