USD
USD
USD

Цемент зауытында жарылыс болды

Алматыдағы цемент зауытында төтенше жағдай орын алды. 

Цемент зауытында жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы әлеуметтік желіде экобелсенді Салтанат Ташимова жазды. Алматы қалалық экология департаменті ақпаратты растады.

Департаменттің мәліметінше, 7 маусым күні кешкі сағат 20.00 шамасында Павлодарская 48 көшесінде орналасқан өндірістік базасында цемент таситын көліктен шикізатты сығынды ыдысқа айдау кезінде төтенше жағдай орын алған. Оған себеп – цемент таситын машинаның шлангісі жоғары қысымға шыдамай, жарылған.

«Экология департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай орын алған жерге барып, зауыт аумағынан сынамалар алды. Оның нәтижесі ауаға жайылған шаңның рұқсат етілген шоғырлану нормативтерінен асып кеткенін көрсетті. Жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады», – деп мәлім етті департаменттегілер.

Қазіргі уақытта, мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2018 жылғы қорытындысын қайтарып алу туралы сот өндірісі жүріп жатыр.

«Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің сотқа дейін жеткізбей мәселені шешу туралы хаты негізінде қаланың Жасыл экономика басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынан айыру (қайтарып алу) туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді. 2018 жылғы 16 қарашадағы «Өндірістік база» үшін шығарындылар нормативтері (максималды рұқсат етілген шығарындылар)» жобасы бойынша шығарылған және қоршаған ортаға эмиссиялардың күшін жою талап етіледі. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр», – делінген Экология департаменті таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға