Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы, NEGE. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.
Оған жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай ол бюджеттен 1 млрд. 244млн. тенге төленген.
Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Қазір оқып жатыр
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған
CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?
Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты