USD
USD
USD

Трұмов Сенат депутаты ретінде ант берді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан халқы алдында ант берді.

Трұмов Сенат депутаты ретінде ант берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол жұмысшыдан басталған еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, сондай-ақ қала әрі облыс әкімі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, туған өңірінің өсіп өркендеуіне зор еңбегін сіңірді. Енді, біздің қатарымызға қосылып отыр», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда С.Трұмов депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді ол.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары С. Трұмовты Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің құрамына сайлады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты