USD
USD
USD

Трұмов: Азық-түлік бағасының өсуі бойынша мәселе бар

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қымбатшылықа байланысты Nege.kz сайтының тілшісі жолдаған сауалға жауап берді. 

Трұмов: Азық-түлік бағасының өсуі бойынша мәселе бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қымбатшылық Маңғыстау өңірінде де айналып өтпеген сыңайлы. Өйткені өңірде Азық-түлік бағасының өсуі бойынша мәселе жоқ емес. Облыс әкімі бұл мәселені барынша тиімді жолмен шешіп жатқанын мәлімдеді. 

«Азық-түлік бағасының өсуі бойынша мәселе бар. Әкімдік 19 әлеуметтік тауардың түрін удайы қадағалап, тиісті жұмыстар жүргізіп отыр. Бұл жөнінде біз сауда орындарымен арнайы меморандум жасақтадық және әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырдық. Себебі, халықтың негізгі тұтынатын әлеуметтік азық-түлік түрлерін шектік бағадан асырмай, бір қалыпта ұстап тұруымыз керек. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы күнделікті менің орныбасарларымның бақылауында. Біз апта сайын бұл мәселені қарап, сараптап тиісті кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жүргізіп отырамыз. Әрбір ауданда, қалада апта сайын жәрмеңкелер өткізіледі. Арадағы делдалсыз, халыққа тікелей сату бойынша кәсіпкерлерді жәрмеңкеге тартамыз. Осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Трұмов. 

Маңғыстау өңірі қымбатшылық мәселесін ішкі өндіріспен шешпек. Ол бойынша біраз жұмыстарды қолға алынған. 

«Біздің мақсатымыз – негізгі азық-түлік түрлерін Маңғыстау өңірінде өндіру. Оның ішінде құс етін өндіру бойынша фабриканың құрылысы іске қосылды. Ертеңгі уақытта сұранысымыздың жартысын құс фабрикасымен жабатын боламыз. Сүт өнімдерін өндіру бойынша бірнеше цехтың жұмысын жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жылыжайлардың құрылысын көбейту жөнінде жұмыстарды қолға алдық. Әрине, мәселелер бар. Біз оны тұрақты түрде бақылап отырмыз. Шамамыз келгенше мүмкіндігіне қарай 19 әлеуметтік тауардың бағасын ұстап тұруға қаражат бөлеміз. Былтырғы жылы қор жасақтау үшін 1 млрд 200 млн теңге қаражат бөлсек, биылғы жылдың басында 500 млн теңге көлемінде тағы қаражат бөлдік. Ол туралы баяндамамда айтып кеттім. Сырттан келетін тауар түрлерін өзімізде қор ретінде сақтап отырмыз», - деді өңір басшысы. 

Қазір оқып жатыр

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

 Әлеуметтік желі

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

скриниг

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев