USD
USD
USD

Троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен троллейбус жүргізушісі апат кезінде өзін жайсыз сезінген. Оның қан қысымы көтеріліп кеткен. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» АҚ өкілдері Facebook-тегі парақшасында жазды.

Троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, №12-ші бағыттағы троллейбус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен жолаушысыз автопаркке қарай бет алған. Жүргізуші Розыбакиев көшесіне жетпейтін тұста тұрған Lexus GS 300 және Honda Accord маркалы екі көлікті соққан.

«5 қаңтарда, шамамен сағат 23:20-де троллейбус жүргізушісі Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай автопаркке келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып, көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктеріне соғып, тротуарға шығып кеткен және жаяу адамды қағып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, тасымалдаушы компания өкілдері, жедел жәрдем келді. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды. Марқұмның отбасына өтемақы төленеді», – деп жазды «АлматыЭлектротранс» АҚ.


 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский