USD
USD
USD

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы қандай нәтиже көрсетті?

Баллерупте (Дания) тректегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. назарларыңызға Қазақстан командасының нәтижелерін ұсынады.

велоспорт
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Отандық құрамадағы үздік спортшы болып Кирилл Курдиди танылды. Ол гит бойынша финалға жетіп, онда жетінші орыннан көрінді. Омниум бойынша жарыс жолына шыққан Рамис Дінмұхаметов 18-ші орын алса, шығып қалуға жарыстан 14-ші орыннан көрінді.

Қуалап жарысудан Илья Қарабұтов 20-ші орынға жайғасты. Ал Әлішер Жұмақан ұпай бойынша 16-ші болып келді.

Кейрин бойынша Кирилл Курдиди 23-ші болып жетсе, Илья Қарабұтов скрэтч бойынша жүлде алу үшін барын салды, нәтижесінде мәреге 19-ші болып келді.

Айта кетелік, чемпионатқа Қазақстан атынан барлығы төрт спортшы қатысты.

Қазір оқып жатыр

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Самрұқ

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»